ІІМ-де құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту бойынша семинар өтті
ІІМ-де аумақтық полиция департаменттері бастықтарының орынбасарларының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Әкімшілік полицияның, жергілікті және көші-қон қызметінің жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы шығарылды.
Негізгі мақсат - құқық бұзушылықтардың алдын алуды, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін және көші-қон бойынша бақылауды күшейту.
Семинар аясында ІІМ-нің орталық аппараты қызметтерінің басшылары заңнамалық бастамаларды, сондай-ақ практикалық қызметте сауатты қолдану үшін қабылданған заңнамалық жаңашылдықтарды жеткізді.
Айта кету керек, Ішкі істер министрі 2025 жылды "Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде" деп жариялады.