Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де «Құқықтық тәртіп» операциясы туралы айтылды

Мерекелік іс-шаралар қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ІІМ 15-17 наурыз аралығында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Қоғамдық тәртіпті сақтауға 18 мыңнан астам полиция қызметкері мен әскери қызметші жұмылдырылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-профилактикалық іс-шара басталғалы қылмыс деңгейі мен тіркелген қылмыстар саны азайды. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 11%-ға, оның ішінде көшелерде жасалғандардың 23%-ға төмендеуі байқалады.

Алдын алу шараларына, қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге баса назар аударылды.

Полиция органдарына тыйым салынған заттарды сақтағаны және алып жүргені үшін 540-тан астам адам жеткізілді.

14 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 2 мыңға жуығы қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін, 1,5 мыңнан астамы ұсақ бұзақылық және 700-ге жуығы тыныштықты бұзғаны үшін.

– Ішкі істер органдарының бақылауында тұрған 15 мың адамның мінез-құлқы мен өмір салтын бақылау қамтамасыз етіледі. 380-нен астамы белгіленген шектеулерді және 140-тан астамы қорғау нұсқамаларын бұзғандары анықталды. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар тарапынан 90 және әкімшілік қадағалауда тұрғандар тарапынан 40 құқық бұзушылық анықталды.

Профилактикалық аралау барысында тиісті рәсімдеусіз жалға берілетін 5 мыңға жуық пәтер анықталды. «Заңсыз» санаты бойынша есепте тұрған 62 адам анықталды.

Жол жүрісін қадағалау кезінде 900-ге жуық жылдамдық режимін сақтамау дерегі, мас күйінде көлікті басқарудың 120-дан астам, жүргізу куәлігінен айырылған жүргізушілердің көлікті басқаруының 300-ден астам дерегі, қарсы жолаққа шығудың 80-ге жуық дерегі анықталды. 2 мың жаяу жүргінші жол жүрісі қағидаларын бұзған, – деді ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Айдос Рысбаев.

Жалпы алғанда жол қауіпсіздігін күшейту бойынша қабылданған шаралардың арқасында екі айда жол-көлік оқиғалары 5%-ға, қаза тапқандар саны 11%-ға және жараланғандар саны 8%-ға төмендеді.

Қылмыстық құқық бұзушылық бойынша екі тәулік ішінде 945 қылмыс тіркелді, оның ішінде кезекші тәулікте 624 қылмыс ашылды.

Бұрын жасалған қылмыстардың ішінен 253 қылмыс, оның ішінде «өткен жылдар» санатындағы 3 кісі өлтіру анықталды. Бұл 2002 жылы Астана қаласында орын алған кәмелетке толмағанды өлтіру, 2004 жылы Шымкент қаласында жасалған кісі өлтіру және өткен жылы Алматы қаласында ашылмаған кісі өлтіру фактілері.

Сондай-ақ қабылданған шаралармен 8 денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 5 зорлау, 7 бұзақылық, 2 қарақшылық шабуыл, 13 тонау, 18 алаяқтық және 125 ұрлық анықталды. Бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысатын 16 қылмыстық топ ұсталды.

Заңсыз айналымнан 52 бірлік атыс қаруы тәркіленді, оның ішінде 12 иір ойықты мылтық, сондай-ақ 6,5 келіден астам есірткі, оның ішінде 6,2 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. 2 фитолаборатория жойылды.

Қабылданған шаралармен 290 іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Республикадан тыс жерде 19 іздеуде жүрген адам ұсталды. Қазақстан аумағында ТМД елдері үшін 137 іздеуде жүрген қылмыскер құрықталды.

Хабар-ошарсыз кеткен 79 адамның, оның ішінде Беларусь Республикасында іздеуде жүрген бір адамның орналасқан жері анықталды.

– Қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейту, қылмысқа қарсы іс-қимыл және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасатын болады, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру