ІІМ-де Тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Ішкі істер министрлігінде тәлімгерлер кеңесінің жұмысы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жастар мен аға буын өкілдері қатысқан жиында алдағы кезеңге міндеттер айқындалды. Айта кету керек, 2023 жылдың соңында Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың тапсырмасымен ведомствода тәлімгерлер кеңесі құрылған болатын. Оның мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын жалғап, ардагерлердің тәжірибесі негізде жас офицерлердің біліктілігін арттыру.
– Тәлімгерлік жұмысын жандандыру мақсатында барлық өңірлік полиция бөліністерінде осы бастама жалғасын тауып, тұрақты түрде 65 тәлімгер кеңесі жұмысын жүргізіп келеді. Осы кеңесте жыл бойы 821 отырыс өткізіліп, онда ішкі істер органдарын жетілдіру, қызметтік-әдістемелік және практикалық көмек көрсету, сондай-ақ идеологиялық мәселелер, тәртіп пен заңдылықтың сақталуын талқылады, – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков.
Министрліктің тәлімгерлер кеңесінің төрағасы болып әділет генерал-майоры, құрметті ардагер Болат Ысқақов бекітілген. Құқық қорғау саласына көп еңбек сіңірген азамат жиналған тәртіп сақшыларына жол көрсетіп, ақылын айтты.
– Сіздерде жастық жалын мен жігер бар. Бірақ білімнің әрқашанда маңызды екенін ұмытпаңыздар. Құқықтық білімнен бөлек, тәжірибе де қажет, – деді Болат Ысқақов.
Бірлескен жұмыс биыл да жалғасын табады.