ІІМ-де тергеу бөліністерінің басшыларын оқыту курстары басталды
ІІМ-де аумақтық бөліністердің орта буындағы тергеу басшыларын оқыту курстары басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқытудың мақсаты – мемлекетте жасалатын қылмыстардың 90%-дан артық бөлігі тергелетін полицияның аумақтық бөліністерінде тергеу жұмысының тиімділігін арттыру. Өйткені қылмыстық құқық бұзушылықтарды тез және толық тергеу, кінәлі адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапкершілікке тарту ең алдымен тергеушінің сапалы жұмысына байланысты.
Министрліктің жетекші тергеушілерімен өтетін сабақтардан басқа шебер жедел қызметкерлері, криминалистер, көші-қон қызметінің қызметкерлері еліміздің әртүрлі өңірлерінен жиналған тергеу бөліністерінің басшыларымен бір апта ішінде кездесіп, өз жұмысының ерекшеліктері мен тергеумен өзара іс-қимыл жасасудың тәжірибесімен бөлісетін болады.
ІІО жүйесінде 269 аумақтық бөліністің бар екенін атап өту қажет, бұл полиция департаменттері, басқармалары, бөлімдері, онда 5 мыңға жуық тергеуші мен анықтаушы қызмет етеді, бұл ретте олардың ¼ бөлігінің жұмыс тәжірибесі үш жылдан артық емес.
Осы себептен ІІМ тергеу департаменті қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманың, сондай-ақ басқару дағдылары мен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру тұрғысындағы новеллаларын ескере отырып, қылмыстық істерді тергеу, электрондық форматта, бейнеформатта тергеу бөлігінде оқытуды өткізіп жатыр. Осыған қоса оқыту барысында Қоғамдық қауіпсіздікті азаматтық қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің тұжырымдамасында баяндалған ІІМ қызметінің негізгі бағыттары түсіндірілетін болады.
Жергілікті жерлерде практикалық жұмысты жетілдіру мақсатында тергеу департаменті орта буындағы басшылар күн сайын тап болатын, оның ішінде қылмыстық процестің үш буынды моделі төңірегінде туындайтын анағұрлым өзекті проблемалы мәселелерді, жүйелі кемшіліктерді анықтайтын болады.
Оқыту ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.