ІІМ-де “Үздік маман – 2025” республикалық слеті өтті
ҚР Ішкі істер министрлігінде "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл" жаһандық акциясы аясында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшелері қызметкерлерінің "Үздік маман – 2025" республикалық слеті өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Слеттің мақсаты – сала қызметінің тиімділігін арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру, үздік тәжірибені тарату және қызметкерлердің кәсіби мотивациясын күшейту.
Іс-шараның қорытындысы бойынша екі негізгі номинацияда бас жүлде иегерлері және I, II, III орын иелерi анықталды.
Бас жүлде иегерлері:
- Түркістан облысы ПД Сарыағаш АПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Ақтолқын Кубегенова;
- Қостанай облысы ПД АПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы Әсел Мұратбек.

I орынды Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы ПБ ОТЗЗҚК тобының аға инспекторы Айман Өмірбай мен Павлодар облысы ПД ӘЗЗҚ тобының инспекторы Индира Жүсіпова иеленді. Ал II орынды БҚО ПД ОТЗЗҚК бөлімінің аға инспекторы Анаргүл Рахметқали мен Жамбыл облысы ПД Тараз қаласы ПБ ӘЗЗҚ тобының аға инспекторы Әйгерім Көжебаева жеңіп алды.

III орынды Шымкент ҚПД Абай АПБ ОТЗЗҚКБ инспекторы Аброржан Журабеков пен елордалық ПД ӘЗЗҚ тобының инспекторы Гүлзат Керімбекова қанжығаға байлады.
Слетке министрлік өкілдері, мемлекеттік органдар, депутаттар, ҮЕҰ, халықаралық ұйымдар және қоғам белсенділері қатысты.

