ІІМ-де ведомстволық газеттердің 90 жылдығы атап өтілді
Ішкі істер органдарының жұмысын, қоғам мен полицияның байланысын оқырманға көрсетіп келе жатқан «Saqshy» және «На страже» газеттерінің 90 жылдық мерейтойы атап өтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.
Қиындығы мен қызығы қатар жүретін полиция қызметі туралы сыр шертетін басылымдардың редакциясын Ішкі істер министрі Ержан Саденов құттықтады.
– Сіздер арқылы азаматтарымыз еліміздегі болып жатқан құқықбұзушылықты алдын алу бағытындағы жұмыстардан хабардар болды. Қызметтеріңіз табысты болып, оқырмандардың ыстық ықыласына бөлене беріңіздер, – деді ІІМ басшысы.
Салтанатты іс-шараға ардагер-журналистер, Ішкі істер органдары медиа орталығының экс-басшылары, өңірлік полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, ведомстволық оқу орындарының және Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының баспасөз хатшылары қатысты.
Ең белсенді баспасөз қызметтері «Қанатты қалам» номинациясымен марапатталды:
- Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті;
- Қостанай облысының полиция департаменті;
- Ақмола облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
- Қызылорда облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
- Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы.