ІІМ-де «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды
10-21 қазан аралығында заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылардың іс-әрекеттерінің, үшінші елдің азаматтарының заңсыз көші-қонының алдын алу және анықтау бойынша «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңін өткізуге жалпы ІІО-ның 5 674 қызметкері, оның ішінде көші-қон қызметі, криминалдық және әкімшілік полиция бөліністері жұмылдырылды.
Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзудың 10 536 дерегі анықталды. Арнайы 818 бірлескен мобильдік топ құрылды.
Сот шешімі бойынша 662 азамат елімізден тыс шығарылды. Қабылдау орындарына 1 126 адам орналастырылды.
Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 395 жұмыс беруші әкімшілік жазаға тартылды.
Көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін сотқа дейінгі тергеп тексерулердің бірыңғай тізіліміне 30 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді (ҚР ҚК-нің 392-бабы – 14, ҚР ҚК-нің 394-бабы – 15, ҚР ҚК-нің 395-бабы – 1).
Іздестіруде жүрген 39 қылмыскер ұсталды, оның ішінде 9-ы ТМД азаматтары.
Барлығы 2 610 шетелдіктің көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін елде уақытша болу мерзімі қысқартылды.