Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де жол және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері қаралды

ІІМ-де қаңтар айында атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңес барысында қызметтің нәтижелері, жол-көлік және қоғамдық қауіпсіздіктің қазіргі жай-күйі қаралып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.

Сонымен қатар нормативтік құқықтық актілердегі жаңашылдықтарға арналған оқу семинары өткізіліп, жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметтердің үйлесімді жұмысы талқыланды.

Басшылық барлық бөлімшенің өзара үйлесімді әрекет етуінің, қызметтік тәртіпті күшейтудің және азаматтардың өтініштеріне жедел әрі сапалы жауап берудің маңызын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру