Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасалды

ІІМ-де жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- Құрметті азаматтар! Жол қозғалысының қатысушылары! Ауа райының нашарлауына байланысты қазіргі уақытта алты облыстың 10 жол учаскесінде автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді. Жалпы республикалық маңызы бар 1,5 мың шақырым жолда шектеулер енгізілген.

Осыған байланысты қазіргі уақытта біз сіздерді сапарға шығудан бас тартуға шақырамыз. Жолға шығып қойған азаматтарға жабылған жол учаскелеріне жақын орналасқан елдімекендерде тоқтап, ауа райының жақсаруын күтуді ұсынамыз.

Тәуекелге барудың қажеті жоқ! Жолда сақ болыңыздар! - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру