ІІМ делегациясы Павлодар ардагерлерімен және жеке құраммен кездесті
ІІМ делегациясы Павлодарда облыстық полиция ведомствосының ардагерлерімен және жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің тапсырмасы бойынша ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқық қорғау органдары алқасының кеңейтілген отырысында қойған міндеттерін түсіндіру жөніндегі топ құрылды.
Жұмыс тобын ҚР ІІМ Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков, сондай-ақ ҚАЖК ардагерлер кеңесінің төрағасы Ихсан Дүйсембин және ІІМ жеке құрамымен жұмыс департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Есжан Арыстанов басқарады.
- Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған ішкі істер органдары қызметінің негізі болып табылатын "Заң мен Тәртіп" қағидатын қатаң сақтау. Біздің ортақ міндетіміз – Қазақстанды өмір сүру үшін жайлы және қауіпсіз аумаққа айналдыру. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, елдегі тыныштық пен тәртіпті сақтау қабілеті, - деп атап өтті генерал Өмірзақ Болсамбеков.
Генерал ардагерлер ұйымдарымен өзара іс-қимыл, тәрбие жұмысы, қызметтік тәртіпті сақтау және тәлімгерлік институтының қызметіне ерекше назар аударды. Ол сондай-ақ ІІО ардагерлерінің тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті.
ІІМ жеке құраммен жұмыс департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Есжан Арыстанов полиция қызметкерлерін әлеуметтік қамсыздандыруды жақсартуға қатысты өзгерістер туралы айтты. Полиция қызметкерлері тарапынан қызметтік-әскери тәртіпті бұзуға жол бермеуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ министрліктің полицейлердің жеке және кәсіби қасиеттеріне қойылатын талаптары, мінсіз тәртіп және жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы айтылды.