Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ детективтік романдар мен повестердің әдеби байқауын жариялайды

Полиция күні қарсаңында ІІМ “Серт” үшінші республикалық әдеби байқауы өткізілетінін хабарлайды.

Байқаудың басты мақсаты – елдегі қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ететін полицейлердің ерлігін насихаттау, халықтың құқықтық санасы мен мәдениетінің деңгейін арттыру, ішкі істер органдары қызметкерлерінің күрделі де қауіпті жұмысына жұртшылықтың назарын аудару, сондай-ақ қазақстандық детектив жанрын дамыту.

Биылғы жылы конкурсқа барлық ниет білдірушілерден бөлек полиция бөліністері де қатыса алады.

Бұрын жарияланбаған детективтік шығармалар ағымдағы жылдың қазан айына дейін қабылданады. Туындылар конкурс туралы ережеде көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс. Онымен ІІМ ресми порталында танысуға болады.

Байқау қорытындысын белгілі жазушылар мен ақындардан, қоғам қайраткерлерінен, журналистерден және ішкі істер органдарының ардагерлерінен құралған қазылар алқасы шығарады.

Жеңімпаздардың есімі жыл соңында жарияланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру