ІІМ: Елдегі қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді
Елдегі қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді, бұл туралы ІІМ алқа отырысында айтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылдармен салыстырғанда қылмыстың көптеген түрлерін тіркеу айтарлықтай төмендеді. Қарақшылық саны 25%-ға, зорлау 11%-ға, бопсалау фактілері 12%-ға және мал ұрлығы 23%-ға азайды.