Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ: Елордада криминалитет өкілдері құрықталды

Елордалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыстық топты ұстады. Оның құрамында бірнеше рет сотталған криминалитет өкілдері бар. Олар бірқатар ауыр қылмыстар жасады деп күдіктелуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- Эпизодтардың бірінде қорқыту және зорлық-зомбылық қолдану арқылы жергілікті тұрғыннан 5 млн теңге сомасында қаражат және Тоуота маркалы жол талғамайтын көлікті иемденген.

Басқа жағдайда банктердің бірінің іргелес аумағында олар 6 млн теңгені ашық түрде тонап кеткен.

Қылмыстық топтың барлық қатысушылары қамауға алынды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыстылығын тексеру жүзеге асырылуда.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау фактілері бойынша жүргізілуде, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру