Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бойынша 5 айдың қорытындысын жариялады

Ішкі істер министрлігі "Заң және Тәртіп" қағидаты бойынша есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2025 жылдың бес айында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің жұмысы нәтижесінде заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам есірткі және 15 тоннадан астам прекурсор тәркіленіп, олардың қоғамда таралуына жол берілмеді.

95 есірткі зертханасы әшкереленді. 18 қылмыстық топ, оның ішінде бір трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. 14 мыңнан астам есірткі сайты мен 15 мың банк картасы бұғатталды.

Осылайша азаматтар мен экономикаға 1 млрд 230 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілмеді.

Соңғы айдың өзінде еліміздің бірнеше өңірінде бірқатар есірткі қылмысы анықталды:

- Жамбыл облысында 21 келіден астам гашиш тәркіленді;

- Алматыда 24 келі марихуана тәркіленген есірткі зертханасы жойылды;

- Маңғыстау облысында 2,5 келі апиын тәркіленді;

- Алматы облысында 190 келі а-PvP синтетикалық есірткісі және 8 тонна химиялық прекурсор табылды.

Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторларына қамалды. ІІМ-нің осы бағыттағы жұмысы жалғасуда.

Негізгі мақсат — есірткіні анықтау ғана емес, оның таралуын болдырмау, азаматтарды есірткі қауіпінен қорғау және қоғамда заң мен тәртіптің тұрақты идеологиясын қалыптастыру.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру