Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ іздеуде жүрген қылмыскерлерді елден тыс жерде ұстауды жалғастыруда

ІІМ ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен өзара іс қимыл жасай отырып, іздеуде жүрген қылмыскерлердің орналасқан жерін анықтау және оларды ұстау жөніндегі жұмысты жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мысалы, Мәскеу қаласында 28 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ол өткен жылдың сәуір-қазан айлары аралығында Алматыда жергілікті тұрғындардан қымбат смартфондарды сату сылтауымен алып, кейін ізін суытқан. Осылайша ол жеті адамды алдаған. Шығын 32 млн теңгеден асты.

Ресей Федерациясының Люберцы қаласында Шымкенттің полиция департаментінің қызметкерлері шетелдік әріптестерімен бірлесіп, 36 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Күдікті әйел 2014 жылы шымкенттік тұрғынға тиесілі жер учаскесін алдап сатып жіберген. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 14 мың долларды құрады.

2025 жылдың басынан бастап Қазақстаннан тыс жерлерде 11 қылмыскер табылды. Біздің еліміздің аумағында басқа елдердің құзыретті органдары үшін 44 қылмыскер ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру