Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсету әрекетінің жолын кесті

Ішкі істер министрлігі қылмыстық топтардың қызметін тоқтату және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ Бас прокуратурамен бірлесіп, 27 наурыз күні Алматы қаласында жедел әзірлеме аясында адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілеріне қатысты қылмыстық істер бойынша жедел-тергеу іс-шаралар кешенін жүзеге асырды.

Үйлестірілген әрекеттердің нәтижесінде барлық күдікті анықталып, ұсталды. 17 санкцияланған тінту жүргізілді.

Заңсыз айналымнан атыс қарулары, оның ішінде сәйкестендіру нөмірлері жоқ тапаншалар мен Калашников автоматы, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 500-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді.

Жедел ақпаратқа сәйкес тәркіленген қару мен оқ-дәрілерді кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсету үшін пайдалану жоспарланған.

Құқыққа қайшы әрекеттердің дер кезінде жолын кесу ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

"Заң мен тәртіп" қағидаты сақталады: криминалдық қысым көрсету мен тұрақсыздыққа әкелетін кез келген әрекеттер заң аясында тоқтатылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру