Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы СҚО-ға барды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң және Тәртіп" тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында республикалық киберполиция басшысы жедел басқару орталығына барып, техникалық жабдықталуын, өңірлік киберполицияның автокөліктерін қарап, жедел уәкілдердің қызметтік кабинеттерін тексерді.

Сапардың басты сәті азаматтарды жеке қабылдау болды. Жандос Сүйінбайға үш петропавлдық әйел интернет-алаяқтардың құрбаны болғанын айтты. ІІМ өкілі олардың өтініштерін мұқият тыңдап, толыққанды түсініктеме берді. Киберқылмыскерлерді анықтау мен жауапқа тарту бойынша жұмыс үнемі жүргізіліп жатқанын атап өтті. Азаматтарға моральдық қолдау көрсетілді.

Сондай-ақ Жандос Сүйінбай өңірдегі ең ірі бөлімшелердің бірі – киберқылмыспен күрес жөніндегі қалалық бөлімге барып, ондағы қызметкерлердің цифрлық қылмысқа қарсы күнделікті күреске қатысып жатқанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша департамент басшысы интернеттегі қылмыстың алдын алу бойынша заманауи форматтарды кеңейту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және мұндай құқықбұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру