ІІМ криминалистері автокөлік ұрлығын ашты
ІІМ криминалистері автокөлік ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу мәліметтері бойынша Орал қаласының тұрғынының автокөлігі ұрланған. Автокөлік иесі кілтті көліктің ішінде қалдырып кеткен.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеді.
ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің қызметкерлері заманауи цифрлық криминалистиканың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қылмыс жасаған күдіктінің жеке басын анықтады.
Тергеушілер кінәлі адамның іс-әрекетіне құқықтық баға беріп, оны қылмыстық іс бойынша күдікті деп таныды.
Қазіргі уақытта көлік заңды иесіне қайтарылды.