Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды отбасы институтын дамытуға шақырады

Биыл жылдың алғашқы бес айында отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар саны 25%-ға өсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ТЖ кезеңінде дағдарыс орталықтарына зорлық-зомбылық құрбандарының өтініштерінің саны артты. Алайда полицияға 10 жәбірленушінің екеуі ғана арыз жазады. Олардың қауіпсіздігі үшін отбасылық дебоширлерге қарсы 37 мың қорғаныс ұйғарымдары шығарылды.

Бұдан басқа, балаларға қатысты қылмыс алаңдатады. Жыл сайын осындай 2000-ға жуық қылмыс жасалады. Көп жағдай отбасына байланысты. Қайғылы статистика көрсеткендей, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстық әрекеттің 70% – ын жақын ортаның адамдары жасайды.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтер тағы бір маңызды мәселе болып табылады. Жыл басынан 58 өзін-өзі өлтіру және 137 суицид жасауға әрекеттені оқиғасы тіркелді, осы қайғылы жағдайлардың жартысына жуығы төтенше жағдай кезінде болды. Яғни, олардың себептері көбінесе, отбасылық проблемалармен байланысты.

ІІМ басшысы полицияның күш-жігерімен ғана бұл кешенді проблемалық мәселелерді шешпейтіндігіне назар аударды. Балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін бірлескен кешенді шаралар қабылдау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру