Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ мен Ұлттық ұланның ардагерлеріне “Асыл ардагер” медалі табысталды

Алматы облысында ІІМ мен Ұлттық ұланның ардагерлеріне “Асыл ардагер” медалі табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 21 тамызда Полиция департаментінде ардагерлер Кеңесінің Төралқасы өтті, онда мерейтойлық күндерге байланысты “Асыл ардагер” медалімен марапаттау туралы шешім қабылданды: 65 жасқа толуымен Алматы облысы ПД бастығының орынбасары қызметінен зейнетке шыққан полковник Қуатжан Бахытжанұлы Нүгербековты, 70 жасқа толуына байланысты Алакөл ПД Қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бұрынғы бастығы,  жақында Алматы облысы ПД зейнетақы бөлімінде жұмыс істеуді жалғастырған Раушан Шүрекқызы Өмірзақованы, 75 жасқа толуына байланысты Берәлі Жылқыбаевты бұған дейін облыстық Полиция департаментінің аппаратында басшылық қызмет атқарған. Сонымен қатар, Қаратал АІІБ-нің бұрынғы бастығы, ҚР ІІМ-нің құрметті зейнеткері Юрий Владимирович Самусь, генерал А. Б. Болсамбеков атындағы медалімен марапатталған.

Сондай-ақ, ардагерлер ұйымдарының қызметіне белсенді қатысқаны және көпжылдық ерен еңбегі үшін ардагерлер Кеңесі Президиумының шешімімен “Асыл Ардагер” медалімен Талдықорған қаласының ардагерлер кеңесінің төрағалары Е. Е.Картқожин, Көксу АӨБ Б. Н. Қалдыбеков, Қаратал АӨБ Қ. Қ. Мұстафаев және С. Н. Жаналиев марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру