Ішкі істер министрі ұстаздарды кәсіби мересімен құттықтады
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еліміздің барлық ұстаздарын кәсіби мереке – Мұғалімдер күнімен құттықтаймын. Сіздердің шәкірт тәрбиелеудегі еңбектеріңіз ұшан-теңіз. Мұғалім жас жеткіншектің жеке тұлға болып қалыптасуына септесіп, қарым-қабілеті мен талантын дамытуға көмектеседі. Жеткіншектердің мектептегі ортасы олардың болашақ мінез-құлқын қалыптастырса, жоғары оқу орнындағы алған білімі белгілі бір мамандыққа баулып, қоғамға тұлға ретінде танытады. Сондықтан кім-кімге де ұстаз деген ұлы сөз аса қадірлі. Ішкі істер министрлігі өз кезегінде қазақстандық мұғалімдерге алғыс білдіріп, қолдау көрсетеді. Ұстаздық жолды таңдаған барлық жанға зор денсаулық және еңбекте табыс тілейді, – деп жариялады Ішкі істер министрі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.