Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ МКҚБ инспекторы Nomad Wrestling 2 чемпионы атанды

Алматыда Sadu Arena кешенінде биылғы жылдың ең маңызды спорттық іс-шараларының бірі - Nomad Wrestling 2 турнирі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жауырыны жерге тимеген ММА саңлағы, Nomad Wrestling бірінші турнирінің чемпионы Азамат Бақытов шешуші жекпе-жекте джиу-джитсудан әлем чемпионы Руслан Исраиловпен кездесті. Екі мықтының тартысы қызықты өтті. Жеңіске деген ұмтылысы мен тәжірибесінің арқасында Бақытов 10:8 есебімен жеңіске жетті.

Октагоннан тыс ол отанға қызмет етеді, яғни мемлекеттік мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасында инспектор болып жұмыс істейді.

Азамат Бақытовтың спорттық мансабы - табандылықтың, ерік-жігердің және төзімділіктің үлгісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру