Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-нің орынбасары көліктегі ПД қызметімен танысты

ІІМ-нің орынбасары көліктегі ПД қызметімен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Адилов көліктегі полиция департаментіне барып, оның қызметімен танысты.

Жеке құраммен кездесу барысында Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігінің полиция қызметкерлеріне берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.

Жиында әуе және теміржол көлігі объектілерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және полицияның қоғаммен өзара іс-қимылының тиімділігі мәселелері әңгіме арқауы болды.

С. Адилов жоғарыда аталған негізгі бағыттардың әрқайсысы бойынша полицейлер Заңға және Қазақстан халқына адал әрі нәтижелі қызмет ететіндеріне зор сенім білдірді. Сондай-ақ Санжар Адилов департамент жанындағы консультативтік-кеңесші органның мүшелерімен де кездесу өткізіп, ішкі істер органдары қызметкерлері мен сала қызметінің беделін нығайтуда ККО-ның маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Бұған қоса, Санжар Адилов департамент ғимаратында орналасқан мұражайды аралап, көлік полициясының бай тарихымен, сақшылардың қызметтегі жетістіктерімен танысты. 

Жұмыс сапарының соңында ішкі істер министрінің орынбасары қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру