ІІМ-нің орынбасары Сәкен Сәрсенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
ІІМ-нің орынбасары Сәкен Сәрсенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Министрдің орынбасары облыс орталықтарының (білім беру ұйымдарының (мектептер, балабақшалар, ЖОО), денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелерінің бейнебақылау жүйесінің енгізілуімен танысты. «Жаппай бейнебақылау» ашық платформаға көшу негізінде Орал қаласының ПБ Жедел басқару орталығы «Азаматтардың хабарламаларын қабылдаудың біртұтастығы» жобасын іске асыру, білім беру объектілері мен қоғамдық орындарда орнатылған ЖБО-ның «102» АӨК-дегі «SOS» батырмаларын шығару арқылы жүзеге асырылады. Сәкен Сәрсенов БҚО Полиция департаменті қылмыстық істер бойынша электрондық форматқа көшкен алғашқылардың бірі екенін атап өтті.
– Цифрландыру – қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан ІІМ-нің ауқымды реформасының негізгі құрамдас бөлігі. Құқық қорғау жүйесінің жұмысын жетілдіру үшін цифрландыру мәселелерінің маңызы зор. ІІМ қызметтерінің электрондық форматына көшу, полицияның күнделікті қағаз жұмысын автоматтандыру, бұзушылықтардың цифрлық базасын құру және айыппұлдар туралы электрондық хабарлау, мемлекеттік органдардың жүйелерімен интеграциялау. Осы жаңалықтардың барлығы ішкі істер органдарының жұмысын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді, – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары.
Одан Сәкен Сарсенов ХҚКО мен арнайы АвтоХҚКО барып, халыққа ІІМ-нің Мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен танысты.
Сапар аясында қалалық және аудандық учаскелік полиция пункттері мен инспекторлардың техникалық құралдармен жабдықталуын тексерді. Сәкен Сәрсенов Орал қаласындағы, Бөрлі және Бәйтерек аудандарындағы БҚО білім беру объектілерінің техникалық қауіпсіздік қамтамасыз етілуімен және террористік тұрғыдан осал ұйымдардағы штаттан тыс жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібімен танысты.
Жұмыс сапарының соңында Ішкі Істер министрінің орынбасары мүдделі қызмет басшыларының және облыстық ПД басшылығының қатысуымен жедел кеңес өткізді. Онда тексеру қорытындылары шығарылып, кейбір кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар берілді.