Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ: Өткен жылы іздеуде жүрген 1600-ге жуық қылмыскер ұсталды

2025 жылы халықаралық ынтымақтастық белсенді түрде дамыды. Қазақстан аумағынан тыс жерлерде соттан бой тасалап жүрген 156 қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сонымен қатар ел аумағында ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттердің сұрауы бойынша іздеуде болған 639 адам қолға түсті. Бұл мемлекетаралық өзара іс-қимыл мен жедел ақпарат алмасудың тиімділігін айқын көрсетеді.

Ішкі істер министрлігі заң мен тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда. Қылмыскерлерді іздестіру және ұстау — ведомство қызметінің негізгі басымдықтарының бірі. 2025 жылы түрлі қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 1 600-ден астам адам ұсталды.

Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру саласында да елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. 2025 жылы жоғалған деп есептелген 20 мыңнан астам адамның жүрген жері анықталды, олардың 6 мыңнан астамы — балалар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру