ІІМ Қарағанды академиясының жаңа бастығы тағайындалды
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Бәрімбек Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясының бастығы болып Биекенов Нұрлан Амангелдіұлы тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомстволық оқу орнының жаңа басшысын жеке құрамға министрдің орынбасары Айдар Сайтбеков таныстырды.
Нұрлан Биекенов ІІМ Қарағанды академиясының оқытушысы, кафедра бастығы болып жұмыс істеген.