Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары балалар колониясына барды

ІІМ ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары Алматы қалалық ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемесіне және балалар колониясына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №72 мекемесіне және еліміздегі жалғыз балалар колониясы – №11 мекемеге Қазақстан Республикасы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары С.Мәдиев барып, тұтқындарды және жасөспірімдерді ұстау жағдайымен танысты.

Сонымен қатар Мәдиев тұтқындар ұсталатын камераларды аралап, тергеу изоляторының инженерлік-техникалық күзет құралдарын, бақылау ізі жолақтары мен режимдік корпусты, серверлік ғимарат пен бейнебақылау камераларын тексерді.

ІІМ ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары қызметтік іссапар барысында тергеу тұтқындағыларды қабылдап, өтініштерін тыңдады. Сонымен қатар төрағаның орынбасары жеке құраммен кеңес өткізіп, жұмысты одан әрі жақсарту жөнінде тапсырма берді және бірқатар міндеттер жүктеп, ұсыныстар айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру