ІІМ Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі жұмыс тобына конкурс жариялады
Ішкі істер министрлігінде Ішкі істер органдарының қызметіне қатысты мәселелер жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмысын жалғастыруда. Оның құрамына азаматтық қоғам өкілдері де кіреді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл ведомствоның қызметін ашық ету, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтармен тиімді өзара іс-қимылды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Осы ретте азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде азаматтық қоғамнан ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурс жарияланады.
Сонымен қатар бақылаушылар тізімін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жұмыс тобына және бақылаушылар құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды 5 күн ішінде ku.elyubaev@mvd.gov.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Байланыс телефоны: +7 7172 72 26 69.
Өтініштердің үлгілері ІІМ-нің ресми сайтында "Қызмет / Қоғамдық кеңес" бөлімінде орналастырылған.
ІІМ-де атап өткендей, жұмыс тобының мүшелері Қоғамдық кеңес құрамына сайлану үшін конкурсқа қатыса алмайды.