ІІМ Қоғамдық кеңесі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жауапкершілікті күшейту мәселесін қарады
М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің базасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға жазаны күшейту мәселесіне қатысты дөңгелек үстел ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, депутаттар, ведомствоның Қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғаушылар, азаматтық қоғам мен прокуратура өкілдері қатысты. Кездесу онлайн және офлайн форматында өтті.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қазіргі қоғамның өзекті мәселесі. Азаматтық қоғам өкілдері құқық қорғау органдарын осы мәселеге баса назар аудару қажеттігін айтты.
Сондай-ақ жәбірленушілерге құқықтық көмек көрсету үшін дағдарыс орталықтарын көбейту туралы мәселе көтерілді. Өз кезегінде ІІМ басшысы әрдайым осындай маңызды тақырыптарды қарауға дайын және сындарлы диалогқа ашық екенін жеткізді.