ІІМ: Құжатсыз тұратын адамдарды құжаттандыру бойынша науқан мамыр айында аяқталады
Жамбыл облысының тұрғыны Шолпан Сқақова күйеуіне берілген көптен күткен жеке куәлік үшін көші-қон қызметіне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оның күйеуі Комил Шерматов Өзбекстанда туған. Кеңестік Одақ тарқағаннан кейін 1993 жылы Қазақстанға көшіп келген. КСРО азаматының паспортын Өзбекстан азаматының паспортына ауыстырмаған және тұратын орны бойынша тіркелмеген. Қазақстанның көші-қон қызметіне жүгінгеннен кейін оған азаматтығы жоқ адамның мәртебесі тағайындалды.
Ішкі істер министрлігі Адам құқықтарының заңдылығын сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросымен, «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» Акционерлік қоғамымен бірлесіп, 2020 жылғы қыркүйектен азаматтығы анықталмаған адамдарды анықтау және құжаттандыру бойынша сәйкестендіру кампаниясын жалғастыруда.
Одан басқа, осы үкіметтік емес ұйымдардың серіктестерімен адамдардың жағдайына және материалдық жағдайына байланысты басқа елдердің мемлекеттік органдарынан қажетті анықтамалар алуға, сондай-ақ, мемлекеттік баж, консулдық алымдар және әкімшілік айыппұлдар төлеуге көмек көрсетіледі. Республика бойынша 7299 құжаттанбаған адам анықталды, оның ішінде 6 мыңнан аса азамат құжаттар алды. 1237 адамға қатысты азаматтықтарын анықтау рәсімі аяқталуда.
Құжатсыз тұратын адамдарды анықтау бойынша науқан 2022 жылдың мамыр айында аяқталады. Осыған байланысты құжатсыз немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты негізінде тұратын адамдар көші-қон қызметі бөліністеріне немесе серіктестердің телефондарына жүгіне алады.
Адам құқықтарының заңдылығын сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы:
– Нұр-Сұлтан қ., Сарыарқа даңғылы, 12, 603 кеңсе, тел.: 8-747-436-62-30, 8-707-557-33- 92, kavliskatya85@mail.ru Екатерина Кавлис;
– Алматы қ., 8 шағынауданы, 4а үй, 423 кеңсе, svetlana.khizhnichenko@gmail.com, kudryavtsevmaxim2014@gmail.com, тел.: 8 (7272) 49-60-44, 8-705-225-55-99, 8-707-116-80-87;
– Қарағанды қ., Костенко к-сі, 6, 93 кеңсе, тел.: 8 (7212) 42-40-86, 8-775-178- 39-61, krg.ahmadi@gmail.com Данияр Ахмади;
– Қостанай қ., Жеңіс к-сі, 70, 2 кеңсе, тел.: 8 (7142) 57-40-43, 8-777-759-45-69, kostanai.kibhr@gmail.com Елизавета Жук:
– Шымкент қ., Қазыбек би к-сі, 49, 43 кеңсе, тел.: 8 (7252) 53-96-93, 8-701-558- 92- 53, shymkent.kibhr@gmail.com Николай Тарара;
– Өскемен қ., Горький к-сі, 57, 310 кеңсе, тел.: 8 (7232) 24-88-31, 8-777-170-64-83, oskemen.kibhr@gmail.com Асем Адаянова;
– Орал қ., Назарбаев даңғылы, 215, 306 кеңсе, uralsk.kibhr@gmail.com, тел.: 8-705-802-81-97, 8-777-246-75-00 Виктория Тимошеко, Татьяна Думчева;
– Ақтөбе қ., Абылхаир хан даңғылы, 65 В, 5 кеңсе, тел.: 8 (7132) 573-353, 8-701-328-80-02, aktobe.kibhr@gmail.com Ирина Гольцварт;
– Павлодар қ., Қаирбаев к-сі, 34, 203 кеңсе, тел.: 8 (7182)-32-17-67, 8-705-731-98-69, kibhr.pavlodar@gmail.com Меруерт Шакирова.
Ұйым: «Сана Сезім» ӘБҚО:
– Шымкент қ., Қаскабұлақ к-сі, 19, тел.: 8 (7252) 55-12-00, 55-13-00 , 8-708-478-96-63 Элина Еникеева и Самат Сагынбек;
– Тараз қ., тел.: 8-708-478-96-63 Элина Еникеева;
– Қызылорда қ., тел.: 8-705-177-59-95 Сауле Абильдаева.
Электронды пошта: ngosanasezim@rambler.ru.