Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ: Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша 120-дан астам қылмыстық іс қозғалды

Ішкі істер министрлігі қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес жүргізу бағытында жұмыстарын жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, басқару және оларға қатысу фактілері бойынша 120-дан астам қылмыстық іс тіркелді, соның ішінде 13-і трансұлттық қылмыстық топтарға қатысты.

Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 600-ден астам қылмыскер жауапкершілікке тартылды.

Халықаралық іздестіруде болған ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесі, яғни «қылмыс әлемінің беделділері» ұсталды.

Жақын шет елдерден келген алты «заңдағы ұрының» Қазақстан аумағында болуының алдын алынды.

ІІМ ҰҚК-мен бірлесіп, бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасаған 160 қылмыстық топтың заңсыз әрекетін тоқтатты.

Бопсалау фактілері бойынша барлығы 1300-ден астам қылмыстық іс қозғалды. 400-ден астам адам саудасымен байланысты қылмыстар анықталды.

– Министрлік ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті жалғастырады және бұл бағытта нақты шаралар қабылданатын болады, – деп атап өтті ведомствода.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру