ІІМ: Тексерулер нәтижесінде 1256 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды
2024 жылдың 15 сәуірінен бастап бүкіл ел бойынша "Таза Қазақстан" акциясы өтіп жатыр. Оның мақсаты — қоршаған ортаның ластану мәселесіне назар аудару, табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері белсенді азаматтармен бірлесіп рейдтер өткізіп, заңсыз қоқыс тастау орындары мен қалдықтарды төгу фактілерін анықтауда. Сондай-ақ тұрғындар мен ұйымдарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тәртіп сақтаудың маңыздылығын еске салып келеді.
Акция басталғалы бері 2 426 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды. 480 мыңнан астам құқықбұзушы жауапкершілікке тартылды. Жергілікті атқарушы органдарға құқықбұзушылықты жою туралы 1 500-ден астам ұсыным жолданып, соның негізінде 1 256 қоқыс үйіндісі жойылды.
- Есіңізде болсын: таза табиғат — баршамыз үшін қауіпсіз әрі жайлы өмірдің кепілі! Экологияны қорғайық! Құқықбұзушылықтар туралы 102 нөміріне немесе iKomek — 109 қызметі арқылы хабарлаңыз. Қазақстанды бірге таза және көрікті етейік! - деді ведомствода.