Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Ұлттық ұланында Әскери кеңес отырысы өтті

Елордада ішкі істер министрі Ержан Саденовтың төрағалығымен ІІМ Ұлттық ұланының Әскери кеңесі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оған Ұлттық ұланның қолбасшылық құрамы мен өзара әрекеттесетін органдардың өкілдері қатысты. Кеңестің негізгі тақырыбы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әскери қызметтік-жауынгерлік жұмыс нәтижелерін талдау болды.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетовтың, сондай-ақ өңірлік қолбасшылықтардың командирлерінің баяндамалары тыңдалды. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жауынгерлік дайындықтың жай-күйі, жаңа әскери бөлімдердің жасақталуы мәселелері талқыланды.

Министр құқық қорғау жүйесін реформалау жағдайында Ұлттық ұланның әлеуетін нығайту мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайын болуы ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша министр келесі мәселелерге ерекше назар аударуды тапсырды: әскери қызметшілер арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу, жарақат алу жағдайларын болдырмау, қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ әскери бөлімдердің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту.

ІІМ Әскери-тергеу департаментіне барлық әскери құрылымдар арасында бақылау мен алдын алу жұмыстарын күшейту тапсырылды. Қызмет барысында ерекше көзге түскен әскери қызметшілер алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру