ІІМ жаңа оқу жылында жастар арасында есірткі қылмысының алдын алуды күшейтті
Жаңа оқу жылында полицейлер есірткі қылмысының алдын алуды күшейтті. Негізгі мақсат – есірткінің таралуын болдырмау және нашақорлар санын азайту, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткінің зияны және олардың салдары туралы білу есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі. Қыркүйек айынан бастап оқу орындары мен қоғамдық ұйымдарда 850 профилактикалық іс-шара өткізілді. Бұл жұмыс 35 мың адамды қамтыды.
Жастар бұл бағыттағы іс-шараларда белсенділік танытып келеді. Оқушылар мен студенттер салауатты өмір салтын қолдайды.
– Есірткі қылмысының алдын алу – бұл білім беру мекемелерінің, ата-аналардың, қоғамдық ұйымдардың және жастардың бірігуін қажет ететін ортақ міндет. Оқу жылының басталуы – болашақ туралы ойлануға және жаман мен жақсыны саралауға мүмкіндік беретін сәт. Бірлесіп қана біз есірткісіз сау қоғам құра аламыз, – деді ведомствода.