ІІМ жасанды интеллектіні құқықтық тәртіпті нығайту ісіне кеңінен енгізуде
ІІМ жасанды интеллектіні құқықтық тәртіпті нығайту бағытында кеңінен пайдаланады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойды.
Ішкі істер министрлігі бұл бағытта жаңа технологияларды белсенді енгізуде. Қазіргі уақытта жасанды интеллектіні пайдалануға баса назар аударылып отыр.
Қоғам өкілдерінің белсенді қатысуы, барлық мемлекеттік органдардың жұмылдырылуы – құқықтық тәртіпті нығаюына қосылған зор үлес болып табылады.
- Елімізде Заң мен тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі қойылған міндеттерді бірлескен күш-жігерімізбен абыроймен орындайтынымызға сенімдімін, - деді Ержан Саденов.