Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ "Жасөспірім" профилактикалық іс-шарасын бастады

Ішкі істер министрлігі 2025 жылды "құқық бұзушылықтың алдын алу жылы" деп жариялады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру үшін 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында республика аумағында "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Оның негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету.

Іс-шараға білім беру, денсаулық сақтау, қадағалау органдары, жұртшылық өкілдері, ішкі істер органдарының жеке құрамы тартылды.

Жұмыстың негізгі бағыты - алкогольді ішімдіктер ішетін, түнгі ойын-сауық орындарына баратын, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнде жүретін кәмелетке толмағандарды, балаларға алкоголь және темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдерді және өз балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамайтын ата-аналарды анықтау және есепке қою, жасөспірімдер арасындағы қылмыстық көріністердің, бопсалаудың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін интернет-ресурстарды анықтау және бұғаттау, оқушылармен олардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын арттыру үшін дәрістер өткізу.

Сіздерден балалардың құқықтарын бұзу фактілері туралы дереу полицияға хабарлауды сұраймыз, - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру