ІІМ жұмыс тобы мен «Атамекен» ҰКП бірлескен отырыс өткізді
23 қарашада жаңа реттеуші саясатты іске асыру шеңберінде кәсіпкерлік қызмет саласындағы «таза парақтан» реттеу саласындағы бизнеске қойылатын талаптар қайта қаралу бойынша ІІМ жұмыс тобымен және «Атамекен» ҰКП-ның қатысуымен семинар өткізілді. Семинар барысында талаптарды талдауды жүзеге асыру тәртібі және оларды кезең-кезеңімен іске асыру бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 30 желтоқсанда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясатты енгізу және ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Заңда кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті болатын кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін енгізу көзделген.
Сонымен қатар осы жылдың 28 қазанында күзет қызметі саласындағы талаптарды қайта қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысында күзет қызметі саласындағы міндетті талаптардың тізіліміне кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын азаматтық қорғаныс және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы реттеуші актілердің жалпы талаптарын енгізу туралы шешім қабылданды.
ІІМ жұмыс тобының отырыстары шеңберінде Халықтың көші-қоны саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын реттеу актілерінің талаптарын қайта қарау, күзет қызметі, күзетшілерді даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметі және күзет дабылы құралдарын монтаждау жөніндегі қызмет жүргізіледі.
Жоғарыда аталған топқа кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің қатысу қажеттілігі туындаған жағдайда 71-58-14, 8-777-973-18-77 телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.