ІІМ жүргізушілерді боран мен көктайғақ кезінде жолға шықпауға шақырады
ІІМ жүргізушілерді боран мен көктайғақ кезінде жолға шықпауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрлігінің қолайсыз ауа райы жағдайлары туралы бірнеше рет берген ескертуіне қарамастан, кейбір жүргізушілер боран мен көктайғақ кезінде жолға шығуда. Салдарынан автомобиль жолдарында көлік құралдарының қар құрсауында қалу жағдайлары тіркеліп, бұл жол қозғалысы қатысушыларына қауіп төндіруде және салдарды жою үшін полицияның қосымша күштерін тартуды қажет етеді.
Жарияланған бейнематериалда күрделі ауа райы жағдайында полиция қызметкерлерінің жүргізушілерге көмек көрсетіп, көліктерді қар құрсауынан шығару бойынша жұмыс жүргізіп жатқан сәттері бейнеленген.
ІІМ атап өткендей, қозғалысқа шектеулер мен жолдарды жабу шаралары жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында ғана енгізіледі. Полиция қызметкерлерінің талаптары мен енгізілген шектеулер міндетті түрде орындалуы тиіс.
