ІІМ жүргізушілердің масаңдығын тексерудің жаңартылған ережелерін түсіндірді
ІІМ жүргізушілердің масаңдығын тексерудің жаңартылған ережелерін түсіндірді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
16 қыркүйектен бастап жүргізушілердің масаңдығын тексерудің ережелері жаңартылды. Бұл ережелер Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 796-бабы бойынша жүргізілетін әкімшілік өндірістің аясында ғана қолданылады. Бұл норма басқару құқығынан уақытша айыру және масаң күйде болатын жүргізушілерді ғана тексеруді көздейді.
Сондықтан жаңартылған ережелер тек көлік құралын басқарушыларға қатысты. Жаяу жүргіншілер мен жол жүрісінің басқа қатысушыларына жаңа талаптар енгізілген жоқ.
Сондай-ақ процедураның өзі бұрынғы қалпында қалып отыр - түпкілікті өзгерістер жоқ. Бір ғана жаңалық - бекітілген нысанның түрі: бұрын ережелер Үкімет қаулысымен бекітілген болса, енді олар ІІМ бұйрығы арқылы бекітіледі.
Бұл децентрализация және бюрократиядан құтылу саясатының аясында жасалды, осылайша мұндай құжаттарды қабылдау тәртібін оңайлатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жүргізуші арнайы құралдармен, мәселен алкотестермен масаңдық дәрежесін тексеруден бас тартуға немесе медициналық ұйымында тексеруді жалғастыруға құқылы екенін еске саламыз.
Өз кезегінде, масаңдықтан тексеруден жалтару немесе бас тарту ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігінде көзделген әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін негіз болады.