IІМ жылды қорытындылады
2020 жыл барлығына, соның ішінде полиция қызметкерлеріне де ауыр жыл болды. Тәртіп сақшылары блок-бекеттерде тәулік бойы кезекшілік етіп, адамдар көп жиналатын орындарды бақылап, азаматтардың тыныштығын күзетіп, қиын жағдайға тап болған жандарға көмектесіп, түрлі қылмыстарды ашты. Төтенше жағдай кезінде олар дәрігерлермен бірге коронавирустық инфекцияға қарсы күресте алдыңғы қатарда болды.
Сонымен қатар, биыл министрлікте көптеген өзгерістер орын алды. Ведомство халыққа көрсететін мемлекеттік қызметтердің 95 пайызын автоматтандырды. Қазақстандықтар ішкі істер органдарының жаңашылдықтары мен жүзеге асырылып жатқан реформаларын түрлі жағдайда сезіне алды.
ІІМ-нің баспасөз қызметінің қызметкерлері еліміздің түрлі өңірлерінен мерекелік материалдар дайындап, 2020 жылдың Қазақстан полициясы үшін қандай болғанын көрсетті.
Тәртіп сақшыларының жылы лебіздері мен жұмыс нәтижелерін Polisia.kz бағдарламасының қорытынды шығарылымынан көруге болады.