ІІО ардагері Саймасай Жақұпов 70 жасқа толды
ІІО ардагері Саймасай Жақұпов 70 жасқа толды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстық департаменттің ардагерлер кеңесі Еңбекшіқазақ ауданы полиция басшылығымен бірге ішкі істер органдарының құрметті ардагері, отставкадағы полиция полковнигі Саймасай Жақұповты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.
– Ардагер ішкі істер органдарында 34 жылдан астам уақыт абыройлы еңбек етті. Еңбек жолын қатардағы қызметкер ретінде бастап, Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына дейін көтерілді. Қызмет жылдарында ол өз ісіне шынайы адалдығын, кәсібилігін және табандылығын танытып, әріптестері мен жас мамандарға үлгі бола білді, – деп атап өтті ведомствода.
Ардагерді құттықтаған басшылар оның мінсіз қызметі мен қауіпсіздікті сақтауға және жас полицейлерді даярлауға қосқан елеулі үлесі үшін шексіз алғыстарын білдірді.
Саймасай Жақұповты әріптестері мен полиция қызметкерлері зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі. Оның өмірлік және қызметтік жолы – қазіргі және болашақ тәртіп сақшылары үшін жарқын үлгі болып қала береді.