Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІО ардагерінің немересі Жамбыл облыстық ПД-ға 2000 кітап сыйға тартты

ІІО ардагерінің немересі Жамбыл облыстық ПД-ға 2000 кітап сыйға тартты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасына сәйкес, 23 сәуір - Ұлттық кітап күні болып жарияланды. 

Бұл күні ІІО ардагерінің немересі Любовь Михайловна полиция департаментіне 2000 кітапты, оның ішінде қазақ және шетел әдебиетінің, ғылыми-танымдық  мазмұндағы шығармаларды тапсырды.

Оның атасы Волков Иван Михайлович құқық қорғау саласында 25 жылдан астам қызмет атқарған. Жамбыл облысы ішкі істер органдарының ардагері, КСРО ІІМ ішкі қызмет полковнигі КСРО ІІМ-нің "Мінсіз қызметі үшін" (III дәрежелі), "Еңбек ардагері" медалімен, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл" және "КСРО Қарулы күштеріне 60 жыл" мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

- Біз атамызды мақтан тұтамыз, тіпті ол қайтыс болғаннан кейін де отбасымыздың тәртіп сақшыларымен байланысын сақтағымыз келеді, - деді Любовь Михайловна.

ПД бастығының орынбасары Жайдарбек Құттыбаев ПД бастығының атынан оған Алғыс хат табыс етіп, осындай ешқашан құндылығын жоғалтпайтын пайдалы сыйлығы үшін өз алғысын білдірді.

Полиция департаментінде жыл бойы кітап оқуды насихаттауға, оқуға деген қызығушылықты арттыруға, оқырман мәдениетін қалыптастыруға және жас ұрпақты еліміздің мәдени мұрасымен таныстыруға бағытталған "Әулиеата – кітап оқитын өңір" жобасы аясында бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру