Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІО-да он бес жылдан бері адал қызмет атқарып жүрген нәзік жанды полицей

Қазір нәзік жандылар барлық мамандықтарды меңгеріп жүргені белгілі. Оның ішінде полиция қызметі де ерекшелік емес. Polisia.kz сайтының журналисі Павлодар қаласы полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің аға жедел уәкілі қызметін атқарып жүрген нәзік жанды полицей – Эльмира Сейтахметова туралы айтып береді. 

Погондағы қыздар өздерінің дәлдігімен, орындаушылығымен және парасаттылығымен қылмыстарды ашуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға үлес қосады және ер адамдармен тең дәрежеде қызмет етеді. Осындай мысалдардың бірі – Эльмира Сейтахметова.

Нәзік және талдырмаш көрінетін қыз жұмыста – ең жауапты қызметкер. Болашақ полиция қызметкері Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. Кейінірек Эльмираның отбасы Павлодарға көшіп келді, мектепті бітіргеннен кейін қыз бала С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне заң факультетіне түсіп, үздік бітірді.

– Университетте оқып жүргенде полицияда жұмыс істеуге бел будым. Мені форма, тәртіп және қатаңдық қызықтырды. Отбасында мен балалардың үлкенімін, сіңлім мен інім мені кішкентайынан үлгі тұтады. Университетті бітіргеннен кейін, күндердің бірінде полициядан үй телефонына қоңырау шалды. Басында мен ештеңе бүлдірмеген едім деп ойладым, бірақ кейіннен қызметкер мені полицияға қызметке шақырғанын түсіндірді. Мен бірден келістім. Содан бері полицияда 15 жыл қызмет етемін, – деп еске алады Эльмира Сейтахметова.

Бүгінде Эльмира Сейтахметова Павлодар қаласы полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің аға жедел уәкілі қызметін атқарып жүр.

– Полиция қызметі – бұл ең алдымен адалдық. Полиция қызметкері өз жұмысын жақсы көруі керек, әрқашан білім деңгейін көтеріп, өз ісіне адал болғаны жөн. Мысалы біздің бөлімде ешкім ісіне бей-жай қарамайды, әр қызметкер өз жұмысын жақсы көреді. Қазіргі уақытта есірткі жаңа келбетке ие болған. Бұл зұлымдықпен күресетін біздің бөлімшенің қызметкерлері. Күрес ауыр болса да, бірақ біз барынша тырысамыз. Өйткені осы қиындыққа тап болған әрбір отбасы – бұл азап пен үмітсіздікке толы бөлек әңгіме, – дейді Эльмира Сейтахметова.

Эльмираның айтуынша оның қызметінде сергектік және дәлдік болу өте маңызды.

– Біздің істеріміз көбіне қайғылы. Біз қаптамашылар мен есірткі сатушылардың жүрегі ауырған ата-аналарымен сөйлесеміз, олардың көздерінен өміріндегі ең қорқынышты трагедияны көреміз. Бұл өте ауыр процесс. Бірақ ешқандай жеңілдіктер жоқ, заңның аты заң, – дейді Эльмира.

Демалыс күндерін біздің кейіпкеріміз отбасымен өткізуге тырысады. Жұбайы Асхатпен бірге олар екі ұл тәрбиелеп отыр. Эльмира жұбайымен де қызметте кездескен.

– Үйге келгенде офицердің образынан шығу өте маңызды. Шынымды айтсам, мен мұны әрдайым жасай бермеймін. Мені үйде екі балам күтеді. Олар үшін мен жай ғана анамын. Эмоционалдық тұрғыда жеңілдеу үшін мен киноға барамын, серуендегенді ұнатамын, достарыммен араласамын. Ұлдар футбол секцияларына қатысады. Үлкен ұлым Аңсар «Ақсу» ФО командасы үшін футбол ойнайды, – дейді Эльмира Сейтахметова. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру