ІІО-дағы психологиялық жұмысты жетілдіру тұжырымдамасын қабылдау бойынша форум өтті
Тұжырымдама туралы онлайн форматтағы республикалық психологтар форумында айтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 желтоқсанда Қазақстан психологтары күніне орай, ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы және ІІМ Кадр саясаты департаментімен бірлесіп ішкі істер органдарындағы психологиялық жұмысты жетілдіру тұжырымдамасын қабылдауға арналған онлайн форматтағы республикалық психологтар форумын өткізді.
Тұжырымдама қызметкерлердің кәсіби қызметінің тиімділігі мен қызметтік ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне оң әсер ету мақсатында жасалып отыр.
Форум қатысушыларына ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Б. Бейсеев, ІІМ Алматы академиясы бастығының орынбасары А. Байсейітова және ІІМ Қостанай академиясы бастығының орынбасары С. Қаракушев құттықтау сөз сөйлеп, тұжырымдаманы қабылдаудың өзектілігін атап өтті.
Сондай-ақ форум аясында психологтар күнін мерекелеуге орай Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ІІО психологиялық-полиграфологиялық қызметінің дамуына қосқан үлесі мен жұмыстағы жоғары жетістіктері үшін психологтар мен полиграфолог мамандарын марапаттау туралы бұйрығы жарияланды.