Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІО-ның ардагері марапатталды

Түркістан облысында ІІО-ның ардагері Үсенті Аманов «ІІМ-нің құрметті ардагері» омырау белгісімен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ үнемі аға буын өкілдері мен жастар арасындағы кері байланысты нығайту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастыруды қолға алған. Осы мақсатта Төлеби АПБ-ның мәжіліс залында карантин режимі сақтала отырып, ішкі істер органдарына еңбегі сіңген ардагерлердің қатысуымен тағылымды кездесу орын алды. Іс-шараға Төлеби ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Татыбаевпен басқа да аудандағы ардагерлер шақыртылды. Негізгі мақсат – еліміздегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан ардагерлерді көтермелеу болып табылады.

ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шара барысында Ішкі істер саласында адал қызмет етіп зейнетке шыққан ІІО ардагері Үсенті Аманов «ІІМ-нің құрметті ардагері» омырау белгісімен марапатталды.

Үсенті Аманов 1950 жылы 14 қараша күні Төлеби ауданында дүниеге келген. Ішкі істер саласындағы қызметін 1974 жылы бастаған. Ювеналды полиция, әкімшілік полиция сынды бөлімдерде абыройлы қызмет атқарған. Төлеби АПБ Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы лауазымында жүргенде, полиция майоры шенімен 2000 жылы құрметті зейнетке шыққан.

Өз кезегінде марапатқа ие болған ардагер шынайы ризашылығын білдірді: – Ішкі істер органында атқарған қызметім еленіп, марапатталып жатырмын. Үлкен рақмет! Сендерге де тілерім осы. Әрқашан абыройлы болыңдар!, – деді.


Ары қарай кездесу тәрбиелік мәні зор әңгімемен өрбіді. Ардагерлеріміз жеке құрам қызметкерлеріне қиын да қауіпті сала болып саналатын органда қызмет етудің өз қиындығы мен қуанышын сөз етті. Қызмет барысында бастарынан өткен қызықты оқиғалары мен естеліктермен бөлісті. Кездесу соңында ізбасар тәртіп сақшыларының жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
Одан бөлек, полицейлер ардагерлерге өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Осылайша бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагерлер мен жас полицейлер арасында тәжірибе алмасу мен өмірлеріне азық болар кездесу ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру