Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІО-ның қайраткерлерімен кездесу өтті

Таразда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында ІІО-ның қайраткерлерімен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы Полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы А.Мусаева және №2 Полиция бөлімі ювеналды полиция тобы қызметкерімен, полицей М.Уразалиева ІІО еңбегін сіңірген полиция қайраткерлерінің отбасыларында кездесу өткізді. Полиция қайраткерлері А.Жумагулова және А.Шалкарова келер ұрпаққа нұсқау көрсетіп, өнегелі сөздерін айтты.

– Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, бастаған қиын жолдарыңызда еренбей еңбек етсеңіз, жемісін міндетті түрде көресіздер. Өз істеріңізге тиянақты, адал болғайсыздар… Бұл салада білімді болумен қатар, білекті де болу шарт. Дене шынықтырумен айналысу, спортпен машықтану – полиция қызметкерінің өмірінен ойып тұрып орын алатын нәрсе. Сонымен қатар, полицейлер үшін талап пен жігер қажет. Полиция қызметкері- халық сенімінің айнасы, халықтың қорғаны! Жауапкершілігі мол, білімді, қайсар мінезді, кәсіби білікті – міне осы сипаттаулар полиция қызметкеріне тән!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру