Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Індеттің дендеп таралмауына тәртіп қажет болды

Қызметкерлер Ішкі істер министрлігінің арнайы марапатына лайық деп танылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Короновирус індетінің дендеп таралып кетпеуі үшін әуелі тәртіп қажет болды!


Елімізді айналып өтпеген бұл кеселмен күресу жолында дәрігерлермен теңдей күн-түн демей, қалтқысыз жұмыс істеген – Ішкі істер қызметкерлері. Республикадағы барлық өңірдің полицейлері күшейтілген режимде үш ауысыммен жұмыла жұмыс істеді.


Ел басына күн туса, алдыңғы шепте жүретін жауапты саланың мамандары өз міндеттерін абыроймен атқарды. Карантин режимінде өз өмірін қатерге тігіп, қараша халықтың тыныштығын күзете жүріп, түрлі оқыс оқиғаларда кәсібилігін танытқан қызметкерлер Ішкі істер министрлігінің арнайы марапатына лайық деп танылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру