Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ҚК мүшесі СҚО бойынша ҚАЖД мекемелеріне барды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ҚК мүшесі СҚО бойынша ҚАЖД мекемелеріне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Qaz Textile Industry« жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының Ұлттық бірлестігі» өзін-өзі реттейтін ұйымның басқарма төрағасы, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қоғамдық кеңесінің мүшесі, экономика ғылымдарының кандидаты Гүлмира Уахитова, «Еңбек» РМК жеңіл өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Алима Юсупова және «Еңбек» РМК жобалар жөніндегі менеджері Алмат Шекенов Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №48 және №50 мекемелеріне тігін өндірісін кеңейту мақсатында өндірістік жұмыстармен танысу үшін барды.

Сапар барысында “Еңбек – Қызылжар» РМК «Еңбек» РМК филиалының директоры Владимир Зиборов пен СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бас маманы Татьяна Тулегенованың сүйемелдеуімен мекемелердің тұрғын және өндірістік аймақтарын аралау жүзеге асырылды. Сонымен қатар делегация тігін бұйымдары мен аяқ киім, сондай-ақ нан-тоқаш өнімдерінің өндіріс барысымен танысты.

Мекемелерде жақсы қалыптасқан өндірістік процесті және қолда бар үлкен әлеуетті атап өткім келеді. Болашақта біз оны жүзеге асыруға ықпал ететініміз сөзсіз. Біз үшін сотталғандарды табысты қайта әлеуметтендіру мақсатында оларды барынша жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету маңызды. Үлкен плюс бұл мекемелерде дуалды оқыту жүйесі бар колледждердің болуы, бұл кәсіби дағдыларды игеріп қана қоймай, оларды жұмыста қолдануға мүмкіндік береді, – атап өтті Алима Юсупова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру