Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Инспекторға қарсылық көрсеткен тұрғын жауапқа тартылуда

Кентау қаласының полицейлері учаскелік инспекторға қарсылық көрсеткен тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторына қаладағы кафелердің бірінде мас болған келушінің өзін әдепсіз ұстап, тәртіп бұзып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полицей Акулан Алдамжаров көрсетілген мекенжайға шұғыл жетіп, мас күйде болған ер адамның заңсыз әрекеттерін тоқтатуға кіріседі. Алайда, бұзақы тұрғын тәртіп сақшысының заңды талаптарына бағынбай, әдепсіз сөздер айта бастайды және полиция қызметкерінің бетінен соққы береді. Осылайша билік өкіліне қатысты күш қолданған күдікті ұсталып, қалалық полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлігі (Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама қорытындысына сәйкес, полицейдің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген. Күдікті өзінің теріс әрекетін мойындады. Қамауға алынды. Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тәртіп сақшыларына қатысты зорлық-зомбылық немесе бағынбау жағдайында қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сондай-ақ, құқық бұзушылық жасауға, оның ішінде қоғамдық орында немесе көшеде мас күйінде болуға болмайды. Егер сіз осындай құқық бұзушылықтардың куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру