Интернет-алаяқтың әрекеті әшкереленді
СҚО полицейлері автомобильмен байланысты болған интернет-алаяқтық туралы іс бойынша материалды сотқа тапсыруға әзірлеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жазда интернет желісіндегі хабарландыру арқылы «Mercedes» минивэнін сатып алғысы келген Петропавл қ. тұрғыны алаяқтың құрбанына айналған. Жәбірленушінің сеніміне кіру үшін қаскөй, баласының еміне шұғыл ақша қажет екендігін алға тартып, жеке құжаттарының суреттерін көрсеткен – кейін белгілі болғандай, интернеттен алынған бөтен адамның суреттері екен. Нәтижесінде қалалық алаяққа 550 мың теңге көлемінде алдын ала төлем аударған, кейін сатушы байланысқа шықпай қойған. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жәбірленуші полицияға арызымен жүгінген. Жедел іс-шаралардың барысында полицейлер күдіктіні – Алматы қаласының 39 жастағы тұрғынын анықтады. Күдікті сотқа дейінгі тергеу кезінде татуласып, істі тоқтатқысы келген. Алайда сот қарауынан жалтару мүмкін болмады. Сотқа дейінгі тергеу материалдары сотқа жолданады.
– Алдын ала төлем талап етуге негізделген алдау тәсілі интернет-алаяқтықтың кең тараған түрі екеніне облыс тұрғындарының назарын аударамыз, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Виталий Подчернин. – Интернет арқылы сауда жасауға сақтықпен қарауды сұраймыз. Алдын ала төлем жасау талаптарына көнбеңіздер, тауарға бейнешолу жасауды сұраңыздар.
Жыл басынан интернет-алаяқтықтарды ашу жөніндегі мамандандырылған жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен СҚО ПД 13 қызметтік іссапар жүзеге асырылды, олардың барысында ҚР басқа өңірлеріндегі 29 интернет-алаяқ анықталды.